Тараздың экс-әкімі президенттен тағы да мүмкіндік беруді өтінді

Қайрат Досаев Facebook желісінде президентке үндеу жариялады.

Тараз әкімі болып тағайындалғаныма алты ай өткеннен кейін мектеп әжетханасында қайғылы оқиға болғанын білесіздер… Өзім де әкемін және қыз өсіріп отырмын. Сондықтан бұл жан түршігерлік жағдай өзіме де үлкен трагедия болды. Шынын айту керек, мектеп дәретханасына қатысты мәселесі осы уақытқа дейін болды және сіздің араласуыңызбен республика бойынша осы проблеманы шешу қолға алынды.
…Сенім білдірсеңіз, мемлекетке пайдамды тигізуге дайынмын. Өйткені мен сізге дұрыс емес ақпарат берген соң қызметтен босатылдым. Енді сіздің араласуыңыздан кейін ғана мен мемлекеттік қызметке қайта тағайындала аламын.
Соңғы үмітім сізде, президент мырза!,- деп жазды Досаев.

Еске салайық, 2019 жылғы 15 қарашада Тараздағы мектеп дәретханада кәмелетке толмаған оқушы қызды ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тарады. Күдікті ретінде 38 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, оның айыбы толық дәлелденді.

Сот қылмыскерді 25 жылға бас бостандығынан айырып, химиялық кастрация жасауға шешім шығарған еді. Резонанс тудырған оқиғадан дейін Тоқаетың жеке тапсырмасымен Досаевты әкім қызметінен босатты. Одан кейін Досаев облыстық табиғи ресурстар басқармасына басшы болды. Алайда тағайындалғанына бір ай өткен соң Тоқаев Досаевты тағы да қызметінен босатты.