Басты бет / Жаңалықтар /
пойыз, вагон
Фото: ҚТЖ

Пойызда шетелдік туристі рұқсатсыз видеоға түсірген ер адам жазаланды

Ақтау – Шымкент бағытындағы пойызда шетелдік туриске жөнсіз тиіскен Маңғыстау облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 8 шілде күні Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды. Іске негіз болған оқиға шетелдік туристің әлеуметтік желідегі видеосынан кейін белгілі болды. Саяхатшы Қазақстандағы 40 сағаттық пойыз сапары туралы әсерімен бөлісіп, жол бойы бір жолаушының өзін бірнеше рет орынсыз әзілдеп мазалағанын айтқан, — делінген хабарламада.

Туристің сөзіне қарағанда, әлгі азамат оны рұқсатынсыз ұялы телефонға түсіріп, жергілікті тілде балағат сөздер айтқан.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін көліктегі полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтап, жиналған материалдарды сотқа жолдаған.

Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram