Ілмек: Қайрат Досаев

Тараздың экс-әкімі президенттен тағы да мүмкіндік беруді өтінді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен қызметінен босатылған Тараздың бұрынғы әкімі Қайрат Досаев президенттен тағы мүмкіндік беруді сұрады.

Бердібек Сапарбаев президенттің сөгісінен кейін шенеунікті қызметінен босатты

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. 

Президент тапсырмасымен қызметінен босатылған Тараздың экс-әкімі тағы да жаңа лауазымға тағайындалды

Тараздың бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айтқазы Қарабалаев Тараз әкімі болып тағайындалды

Қайрат Досаев Тараз әкімі қызметінен босатылғаннан кейін қала басшысының міндетін уақытша атқару Бейсенбек Жанбосыновқа жүктелген еді.

Тараз әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз әкімі болған Қайрат Досаев жұмысында жүйелі кемшілік жіберді деп есептейді.