Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

Туристер мына маршрут бойынша жүрген: Дулати даңғылы – «Іле-Алатау» МҰТП экопосты — Үлкен Алматы көлі — Космостанция — Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі — Проходное шатқалы — Алагир өзенінің оң саласы — Проходная өзені — Проходная асуының кең аңғары.

Шекара басқармасының өкілдері аталған маршрутта шекарадан өту орны көрсетілген ақпараттық таблолар, «шекаралық аймақ» деген жазуы бар көрсеткіш бағаналар бар екенін, бұдан басқа ҚР мемлекеттік шекарасы шекаралық белгімен белгіленгенін мәлімдеді.

Осыған ұқсас заңбұзушылық дерегі 2021 жылы да тіркелген.

Былтыр 6 адамға қатысты ҚР мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.