Басты бет / Жаңалықтар /
a9157a21302f794f5f996e4e64c5c8fc Antikor Almaty және «Әділдік Жолы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерді оқытуға қатысты
Фото: Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі

Antikor Almaty және «Әділдік Жолы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерді оқытуға қатысты

Бұл туралы Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және «Әділдік Жолы» қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының басшылығы қатысты.

Оқыту барысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлері қызметінің негізгі мәселелері айтылып, жұмыс әдістемелері мен қағидаттары түсіндірілді,- делінген хабарламада.

f398108f9fa48661780c6cbb824278eb Antikor Almaty және «Әділдік Жолы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерді оқытуға қатысты
Фото: Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының нормалары, сонымен қатар №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде жобалық басқаруды іске асыру бойынша талаптар назарына жеткізілді.

Іс-шара пікірталас, проблемалық мәселелерді талқылау, оң тәжірибені тарату арқылы өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok