Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 7 өңірдегі департаментке басшы тағайындады

Агенттік төрағасының 2022 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығымен:

  • Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) превенция қызметінің басшысы Мұрат Жамбылұлы Ахметов
  • Агенттіктің Нұр-Сұлтан бойынша департаментінің басшысы Мұрат Секешұлы Қарымсақов
  • Агенттіктің Алматы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханұлы Оразхан
  • Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев
  • Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Досанов Ерлан Азаматұлы
  • Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Владимирович Шакенов
  • Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев
  • Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.

Сонымен қатар агенттіктің өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып Урумханов Мұрат Жәлелұлы тағайындалды.