Басты бет / Жаңалықтар /
жаңбыр, Алматы, ауа райы, туннель, қала
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаңбыр, найзағай, жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Екатеринбург аймағынан шыққан циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды.

26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал. Содан кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі мүмкін.

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok