Қазақстандық өнерпаз «Голос. Дети» жобасында үшінші орын алды

Аталған ән сайысының суперфиналына 3 үміткер шығып, өзара бақ сынады. Жерлесіміз суперфиналда «Единственная моя» әнін орындады.

Ақтық сайыста дауыс беру нәтижесінде 40,6% 8 жасар Аделия Загребина «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы атанды. Екінші орынды 32,2% дауыспен 12 жасар София Олареско иеленді. Отандасымыз 11 жасар Сағын Өмірбайұлы 27,2% дауыс жинап жүлделі үшінші орынға тұрақтады.

8b286a1ec244e4f1de67dc5cce723e36 Қазақстандық өнерпаз "Голос. Дети" жобасында үшінші орын алды
Видео скрині

Жас әнші сахна төрінде қолдау білдірген барша жұртқа алғысын айтып, тәлімгері, белгілі ресейлік әнші Полина Гагаринаға домбыраны сыйға тартты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да