Қазақстандық Данэлия Тулешова «Голос дети-Украина» жобасында көпшілікті таңдандырды

Данэлия Тулешова Қазақстан атынан Украинаның "Бала дауысына" қатысып жатыр. Небәрі 10 секунд ішінде қазылардың барлығы бірдей 10 жасар Данэлияға креслоларын бұрды. Бұл уақыт жас әншіні мойындауға жетіп, артылды. Олардың айтуынша, жас қыздың дауысы ересектердікіндей әбден қалыптасқан. Тренердің бірі мұндай дауысты "Бала дауысынан" алғаш естіп тұрғандығын жасыра алмады. 

Данэлия Тулешованың вокалмен айналысқанына небәрі бір жарым жыл болған. Ол енді «Бала дауысын» тренер Монатикпен бірге жалғастыратын болды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!