Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысындағы 900 метрден астам жарқын да астарлы «мотиваторлар» көктемгі көңіл-күйді тамаша толықтырып тұрғандай.

Галереяны жасауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас суретшілер, иллюстраторлар, тату-суретшілер және граффити-райтерлер қатысты, олардың жұмысына Димитрий DMN шығармашылық жетекшілік етті.

Фото: Jusan bank

10 суретші: @alertstanislav, @ataeva_arina, @dotidrop, @pekar_tortikov, @ramboyart, @daneeins, @jaliltattoos, @zigermeister, @aiivell.sattar, @shadyline – «арман» және «мүмкіндік» сияқты жеңіл де құбылмалы ұғымдар қаншалықты терең әрі кең мағыналы екенін өз туындылары арқылы көрсетті.

Фото: Jusan bank

Жобаның идеялық шабыттандырушысы – Jusan командасы болды, осылайша «Біз бәріне сенеміз. Біз саған сенеміз» жаңа даму тұжырымдамасын жүзеге асырып жатыр.

Біз жасайтын барлық жобаның негізінде миссиямыз жатыр. Ал бұл арт-нысан — сөзіміздің іс-әрекетпен нақтыланып отырғанының айқын дәлелі. Өнер туралы, атап айтқанда, дарынды жергілікті суретшілерді қолдау туралы ой пайда болғанда бірден стрит-галерея идеясы қалыптасты. Әрине, бұл идеяны жүзеге асыру үшін REPAS шығармашылық шеберханасының негізін қалаушы, ең танымал граффити-райтер Дмитрий DMN-ді шақырдық. Қазір жоба нәтижесіне – қаланың әдемі көрінісімен үйлесім тапқан жарқын арт-нысанға қарап отырып, «Мүмкіндіктер сен үшін» деген біздің ұранымыз әртүрлі саладағы жасампаздармен керемет коллаборация үшін таптырмас мүмкіндік екеніне көзіміз жетті. Біз креатив экономиканы дамыту және жалпы жергілікті нарықты қолдау бағытында жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді. Осы орайда оң өзгерістерді байқап, басқа да ірі компаниялардың жергілікті жасампаздарға қалай қызығушылық танытып, қолдайтынын көріп отырмыз. Әрине, бұл бізді қуантатыны сөзсіз. Себебі біздің мақсатымыз осы салада бірінші және жалғыз болу емес, керісінше трендсеттер және басқаларға үлгі болу. Туған жерде шабыттанып, дүниеге келген жобалар негізгі ойды тура жеткізіп, қазақстандықтардың жан дүниесінің пернесін дәл тауып, дөп басады деген ойдамыз, — дейді Jusan басқарушы директоры Олегжан Бекетаев.

Фото: Jusan bank

Авторларға толықтай еркіндік берілді, бірақ негізгі ой векторы бар: олар арманға деген сезімдерін, оған жету жолындағы мүмкіндіктерді көрсетуі керек болды. Мысалы, @ramboyart Instagram-парақшасында «Мүмкіндік – бұл өзіңді жасампаз ретінде танытатын қасиет. Бұл сені ерекше нәрсе жасауға және өз туындыңды әлемге көрсетуге ынталандырады» деп жазды.

Фото: Jusan bank

Бұл Jusan-ның еліміздің суретшілерімен және крафт-мейкерлерімен алғашқы коллаборациясы емес, бірақ бұл ең жарқын және тұжырымдамасы бойынша ең үлкен жоба: әртүрлі стиль, бірақ жасауға-өзгертуге-қол жеткізуге деген ортақ ұмтылыс жобаны тұтас оқиғаға айналдырады, құдды суперқаһармандар туралы комикс дерсің. Кез келген ұлы жоба артында қарапайым адамдар тұрғанын, әркім қоршаған ортаның гүлденуіне өз үлесін қоса алатынын еске салады. Өзгені бағалау, оларға сену арқылы өзімізге деген сенімді арттырамыз!