Jusan Singularity енді Алматыда!

Jusan Singularity Алматы бөлімшесіне өтініш қабылдау ашылды!

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ниет білдірушілер көп болғандықтан, екінші лекті параллель іске қосу туралы шешім қабылданған. Тиісінше, іріктеу кестесі өте қауырт өтеді: өтініштер 8 наурызға дейін қабылданады, тестілеу және іріктеу 12  наурызда аяқталады және оқыту 14 наурызда басталады.

Тегін оқу, шәкіртақы және Jusan тобындағы компаниялардың біріне жұмысқа орналасуға берілетін кепілдік секілді шарттар бұрынғыша қалып отыр. Аздаған өзгерістер де бар. Алматы мектебінің кураторы Әйгерім Абденбаева атап өткендей, «…алматылықтар үшін дәстүрлі түрде өту шегі қатаңырақ болмақ! Кез келген адам өтініш бере алады, бірақ тестілеу кезеңінде қатаң іріктеу жүреді. Қатысушының бағдарламалау туралы ешқандай білімі болмаса, ол мектепке үміткер бола алмайды. Іріктеуден өткендер үшін де демалуға уақыт тапшы болмақ. Оқудың бірінші айы өзіндік сынақ мерзімі болады. Ол, әрине, оқуға деген ынта, оқу қабілеті мен тәртіпті тексеру».

«Оқу жоспарында» да өзгерістер бар. Екінші лек бағыттары — JAVA, iOS, Android, Reactos, Laravel (PHP). Әр мамандандыққа тек 20 адамнан іріктеледі!

Айта кету керек, білікті оқытушылар барлығына жеткілікті болуы үшін IT-мектеп Jusan Singularity екінші легіне IT-кадрларды даярлауға маманданған Jas Ventures Almaty компаниясын серіктестікке шақырды.

Алматыдағы Jusan Singularity легіне өтінішті мына сілтеме бойынша беруге болады: https://jusan.kz/jusan-singularity

ҚР  ҚНРДА берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.