9-11 сәуір күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте, Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклон және атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, тұрақсыз ауа райы сақталады — жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай мен қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон жотасы әсер етеді. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады, — делінген хабарламада.