Владимир Жириновский қайтыс болды

Бұл туралы «Пятый канал» сайты хабарлады.

Ауыр және ұзаққа созылған аурудан Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды, — деп жазды Володин Telegram-арнасына.

Ақпанның басында Ресей Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) басшысы Мәскеудің орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер саясаткерге өкпесінің 75% зақымданған деген диагноз қойған. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлап, ауыр деп бағаланды. Кейін жасанды тыныс алу аппартына қосылған.

Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетін түрік тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Марксизм-ленинизм университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқыған.