Артықшылықтары қатарында батареясының екі күндік автономды жұмысы, 5G желісі, «әскери» деңгейдегі қорғаныс, экологиялық, стильді және жіңішке дизайн мен қосылудың озық мүмкіндіктері бар.
Galaxy A53 5G 4 камералы жүйесі 64-Мп камера мен кескіннің оптикалық тұрақтандыруынан тұрады. VDIS технологиясы арқылы сіз үнемі анық және тұрақты суреттер аласыз. Ал ажыратымдылығы жоғары 32 Мп фронталь камера керемет селфи мен анық кескінді видеоқоңыраулармен қамтамасыз етеді.
Жаңа мінсіз 5-нм процессорының арқасында жасанды интеллект орнатылған 2022 жылғы Galaxy A сериясының инновациялық камерасы жарықтандыру төмен болғанда да керемет суреттер шығарады. Жақсартылған түнгі режим автомат бір мезгілде 12 суретке дейін текстуралық шуды азайтып өңдейді. Ал жарық аз жағдайында видео түсіргенде Galaxy A сериясы камераларының кадрлар жиілігі жарқын және анық видеолар жасауға автомат реттеледі.
Жақсартылған портрет режимі нысанның тереңдігі мен контурларын екі еселенген камера және қуатты интеллект арқылы анығырақ көрсетеді. Ал ойын-сауық режимінде, енді кеңбұрышты объективпен жұмыс істейтін қызықты фильтрлер мен эффектілерді қолдануға болады. Бұған қоса, Photo Remaster қызметі ескі, сапасы төмен фотоларға жаңа өмір берсе, Object eraser артқы көріністегі керегі жоқ нысандарды алып тастауға көмектеседі.
Galaxy A53 5G-дің жаңару жиілігі 120 Гц 6,5-дюймдік Super AMOLED-дисплейі мен Galaxy A33 5G-дің жаңару жиілігі 90 Гц 6,4-дюймдік Super AMOLED-дисплейі арқылы контентті көру бұрынғыдан да жағымды бола түсті. Кескін тіпті көше жарығында да анық болып шығады. Ал қуатты аккумулятор заряды екі күнге дейін жетеді – ештеңеге алаңдамай контенттен рақат алыңыз!
Сонымен қатар жіңішке жақтауы бар сәнді дизайн. Ambient Edgе шешімі камераны телефонның корпусымен мінсіз үйлестіреді. Galaxy A53 5G мен Galaxy A33 5G смартфондары Corning® Gorilla® Glass 5 берік әйнегімен жабдықталған және су мен шаңнан IP67 стандарты бойынша қорғалған. Бұл құрылғыларға жоғары беріктікті қамтамасыз етеді, ал иелеріне – жан тыныштығын сыйлайды.
Жаңа смартфондар Қазақстандағы ресми серіктестердің дүкендерінде келесі түсте қолжетімді: қара, ақ, көк және шабдалы түстес.