Қазақстан үкіметі мәлімдеме жасады

Теріс сыртқы экономикалық құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде үкімет пен ұлттық банк бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асырып жатқаны хабарланды.

Атап айтқанда, қаржы нарығының орнықтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында үкімет ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі.

Екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 триллион теңге немесе активтердің 40% өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар, — делінген хабарламада.