Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының...

Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаменті басшысы тағайындалды

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды, — делінген хабарламада.

Талғат Қозбеков Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист-маркетолог» және әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2022 жылғы 3 наурыздағы бұйрығымен Алматы облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.