Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Президент лауазымына бес үміткер таласқан.
Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды, — делінген хабарламада.
Әділет Бәрменқұловқа Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Оған дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілер саны – 26.
Дауыс беру қорытындысы төмендегідей болған:
Әділет Бәрменқұлов – 14 дауыс;
Берік Қаниев – 11 дауыс;
Давид Лория – 1 дауыс;
Қайрат Оразбеков – 0 дауыс;
Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс.