Әділбек Жақсыбеков футбол федерациясының президенті сайлауына қатыспайды

Футбол федерациясы сайлау комитетінің отырысы 10 ақпанда өтті. Комитет мүшелері ҚФФ президенті лауазымына кандидаттардың қауымдастық мүшелері ұсынған құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылы 28 ақпанда ҚФФ конференциясында өтеді.

Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді:
  • Барменқұлов Әділет Назарбайұлы — ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президенті кеңесшісі;
  • Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы — «Қазақстан футбол жанкүйерлері лигасы» ҚБ төрағасы;
  • Берік Сералыұлы Қаниев — ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, Lancaster Group Kazakhstan АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Лория Давид Григорьевич — футбол федерациясы ЗТБ президенті (Нұр-Сұлтан);
  • Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы — ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі, «Қайрат» ҚҚҚ президенті.