Қазақстанда көмір бір жылда 10%-ке қымбаттады

Бұл туралы EnergyProm ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бағаның ең жоғары жылдық өсімі (Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда) Шығыс Қазақстан (жылына 22,2%-ке), Жамбыл (14,9%-ке) және Ақмола облыстарында (14,5%-ке). Ал өзгелермен салыстырғанда баға ең аз өскен өңір — Солтүстік Қазақстан облысы (3,2%).

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға өзгерген жоқ. Көмірдің тоннасы Таразда 20,1 мың теңгеге сатылып жатыр, Семейде 11,4 мың теңге. Бұл ең арзаны.

2021 жылы көмір бағасы 5,2%-ке, ал 2020 жылы — 3,3%-ке өскен болатын.

2022 жылы қаңтарда Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 10,1 миллион тонна тас көмір, лигнит және көмір концентратын алды. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Өндіру көлемі бойынша әдеттегідей Павлодар облысы алда тұр: 6,3 миллион тонна, жылына минус 3%. Екінші және үшінші орында Қарағанды (2,9 миллион тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (854,2 мың тонна), — делінген хабарламада.