Президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сонымен қатар Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады, — деп жазды Берік Уәли.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.