Әсет Исекешев президент көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі — қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.

Әсет Исекешев 1971 жылдың 17 тамызында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген. 1998 жылы Қазақстан Республикасының президенті жанындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және сауда вице-министрі болды.

Ал 2006-2007 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2007- 2008 жылдары «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры, 2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, 2009 жылғы мамырдан бастап индустрия және сауда министрі, 2010 жылдың наурызынан бастап премьер-министрінің орынбасары — индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен премьер-министрінің орынбасары — индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2014 жылдың 06 тамызынан бастап бүгінге дейін инвестициялар және даму министрі қызметтерінде болған.