Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің солтүстік жартысы фронталь бөліктер ықпалында қалады — жауын-шашын, бұрқасын, секундына 15-23 метрге дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады, — делінген хабарламада.