Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада денсаулық сақтау вице-министрі қатысқан брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрі журналистер сауалына жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды өтінемін, — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.
Премьер-министр мұндай жағдайлар үкімет жұмысына кері әсер ететінін айтты.
Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз керек. Әрбір шешімді дұрыс жеткізу, оны қоғаммен талқылап, қабылдау — үкіметтің басты міндеті, — деді үкімет басшысы.