Әлихан Смайылов: Ревакциналау астана мен Атырау облысында өте төмен

Қазір елімізде эпидемиология ахуалы тұрақталып келеді. Өңірлердің көпшілігі «жасыл» аймақта. Дегенмен эпидемиология жағдайына одан әрі мониторинг жүргізу қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша санитарлық талаптарды жеңілдету шаралары қабылданып жатыр. Соған қарамастан әкімдіктер вакциналау мен ревакциналау жұмысын жалғастыруы тиіс, — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

Оның мәліметі бойынша, өңірлерде вакцина қоры жеткілікті.

Ревакциналау астана мен Атырау облысында өте төмен. Көш соңында қалған өңір әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алсын, — деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов орынбасары Ералы Тоғжановқа бұл мәселені жалпы бақылауға алуды тапсырды.