Жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізгі себептері

1. Тәжірибенің жоқтығы

Еңбек нарығын алдын-ала болжау қиын.

2. Бос жұмыс орындары туралы нақты ақпараттың жоқтығы

Кейбір мамандықтар бойынша түлектердің артық болуы жас маманды халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыз ретінде тіркелуге мәжбүрлейді. Көбінесе ол өз мамандығына қатысы жоқ жұмысқа амалсыздан орналасады немесе қайта оқиды. Бұл өз кезегінде өзін де, мемлекет пен жұмыс берушіні де шығысқа батырады.

3. Жастар бәсекелесе алмайды

«Еңбек нарығына алғаш шыққан жас түлектерде бейімделудің болмауынан болашақ қызметі және кәсіби мансабында аңғал үміт болады. Кейін нарықтағы жағдайға байланысты әлеуметтік үміті ақталмай, оның соңы мұңаюға, депрессиялық психологиялық күйге, көңілі қалуға әкеп соғады. Негізінде түлектің өздігінен кәсіптік ортада лайықты орын алуы үшін оны бейімдеуге көмектесетін оқыту әдісін, оқыту стилін өзгерту керек.

 

ДереккөзBnews.kz