Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларды іздестіру кезінде екі әскери қаза тапты

2022 жылғы 10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің учаскесінде тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасағандарды іздестіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері капитан Ерзат Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Шавкат Армидинов автокөлік апатында қаза тапты.

әскери қызметкер, соңғы сапар
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

12 қаңтар күні Өскеменде капитан Ерзат Карменовты соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгер Шавкат Армидиновды Алматы облысының Үлкен Дехан ауылында жерледі.

Қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ҰҚК шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің басшылары, шекарашы-ардагерлер, әріптестері мен жақындары қатысты.

әскери қызметкер, соңғы сапар
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі