Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы болады. Сондықтан жауын-шашын жауып, солтүстік, орталық өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, екпінді жел мен бұрқасын болуы мүмкін.

Ауа температурасы төмендеп, батыста түнде 8 градус аяз, 2 градус жылы температурадан 0-15 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяз, 3 градус жылы температурадан 10 градус аяз, 3 градус жылы температураға дейін, елдің солтүстік-батысында түнде 3-16 градустан 7-18 градус аязға дейін, күндіз 0-10 градустан 2-13 градусқа аязға дейін болады.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының негізгі бағыты түнде 7-20 градус аяз, күндіз 2-10 градус аяз болады. Орталық пен еліміздің шығысында ауа температурасының көтеріледі. Түнде 10-30 градустан 5-28 градусқа дейін аяз, күндіз 0-13 градустан 8 градусқа дейін аяз, ал республиканың оңтүстік-шығысында түнде 3-11 градустан 6 градусқа дейін аяз, күндіз 0-10 градус температураның ауытқуы байқалады. Таулы аудандарда 3-8 градус аяз, 3-12 градусқа дейін жылы, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады, — делінген хабарламада.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының ауытқуы мүмкін. Түнде 3-11 градус аяздан 5 градус аяз 5 градус жылыға дейін, күндіз 1 градус  аяз, 13 градус жылы температурадан 3 градус аяз, 5 градус жылы температураға дейін болады.