Әлихан Смайылов: Эпидахуалдың тұрақтануына кәсіпкерлер де жауапты

Коронавирусқа қатысты жағдай әлі де тұрақталмай тұр. Індеттің таралу деңгейі әлі де жоғары. Өңірлердің басым бөлігі «қызыл» аймақта. Аурудың ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Сондықтан эидемиология жағдайын әрі қарай бақылауда ұстау қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің дамуына кедергі келтірмеу үшін карантин шектеулерін қайта қаралып, азайтылды. Бірақ босаңсуға болмайды. «Атамекен» палатасы санитарлық-эпидемиология талаптарын сақтау бойынша әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан жұмыс жүргізгені жөн, — деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл мәселе бойынша кәсіпкерлердің өзі де жұмысына аса жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Сауда немесе тамақтану орындарында, өндіріс алаңдарында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қатаң сақталуы керек. Өйткені әлеуметтік жауапкершілік бірінші кезекте бизнестің өзі үшін қажет, — деді Әлихан Смайылов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да