Алматының Түрксіб ауданында антитеррорлық операция режимі енгізілді

Ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 00.00-ден 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматының Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді.

Айта кетейік, биылғы 4-6 қаңтар аралығында терроризмге қарсы операциялар барысында Алматыдағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 басшысы мен мүшелері ұсталған еді.

Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ («ПМ», «ТТ» маркалы тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар табылды.

Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру операцияларын жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, — делінген хабарламада.