Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонаған қылмыскер ұсталды

Бұрын 4 рет сотталған, оның ішінде адам ұрлағаны үшін айыпталған 38 жастағы азамат Т. жаппай тәртіпсіздікке, қару-жарақ қоймаларын тонауға белсене қатысқаны анықталды. Оны криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологов көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады,- делінген хабарламада.

Тінту кезінде ер адамнан бір ойық, екі тегіс ұңғылы мылтық және оқ-дәрілер тәркіленді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Бұл ретте қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қандай да бір қылмысқа қатыспаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны айтылды.