Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірнеше көше жабылады

Алматы тұрғындары мен қонақтарының назарына! Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін, 19.01.2022 жылы, келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады: Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта, Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта,-делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.