Былтыр прокуратура органдары кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам шағымын қарады. Бәрі де қылмыстық қудалау органдарындағы лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерімен және шешімдерімен келіспеу туралы шағымдар. Оның 1 мыңнан астамы қанағаттандырылды. Кәсіпкерлер (негізінен) полиция қызметкерлеріне, Экономикалық тергеу қызметіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне шағымданған, – деді мемлекет басшысы.
Бас прокуратураға осындай заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне принципті түрде баға беру тапсырылды.
Мұндай жағдайлар анықталса, ең қатаң шаралар қабылдау қажет. Өзімнің бірінші жолдауымда ресми органдар тарапынан заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау мемлекетке қарсы қылмыс ретінде бағалануға тиіс екенін айтқан болатынмын. Неге екенін, мемлекеттік органдар менің нұсқауымды ұмытып кетті, — президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы диалог билік пен бизнес арасындағы консенсусты қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды.
Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрып жатырмыз. Біздің кездесуіміз бизнестің үнін билік естиді, салалық және құрылымдық саясатта барлық конструктивті ұсыныстар ескеріледі дегенді білдіреді, – деді президент.