АҚШ тауарларына бойкот жарияланды

Ұсыныс әлеуметтік желі арқылы қалың жұртқа бірден тараған. Халықтың мұндай қадамға баруына Ақ үй басшысының Мексикамен араға қорған салу туралы жарлыққа қол қоюы себеп болды.

Бастамаға америкалық «Старбакс» компаниясы алаңдап, Мексика нарығында іс жүргізу үшін миллиондаған доллар қаржы жұмсап, 7 мың жаңа жұмыс орнын ашқанын мәлімдеді. Дегенмен әлеуметтік желіде көтерілген бастаманы тұрғындардың бәрі бірдей қолдай қойған жоқ.

Карлос Слим, инвестор: — Менің ойымша, америкалық өнімдерге бойкот жариялап, бірден бас тарту дұрыс емес. Өйткені олар біздің экономикамызға инвестиция құйып, қаншама азаматымызды жұмыспен қамтып отыр. Ол компанияларды қуатын болсақ, инвестициядан да айырыламыз. Сондықтан бас тартпас бұрын оның бізге қандай әсері барын ойланғанымыз дұрыс.

Дереккөз24.kz