Қысқаметражды жеті фильм экранға жол тартпақ

Қысқа­метражды фильм түсірумен айналысатын бірлестіктің биылғы таңдауы жанры жағынан бір-біріне ұқсамайтын жеті сценарийге түсті. Е.Бораншының «Жетім бұрыш», Баймұрат Жұмановтың «Жесткий тип», А.Әуелбектің «Миша», А.Байракимовтің «На грани», А.Мұсатаевтың «Хат», Д.Махмұттың «Таксист» және Е.Рақымбековтің «Эль Фриман» фильмдері жақын арада көрер­менге жол тартпақ.

Қазіргі уақытта барлық фильмдердің түсірілімі аяқталып, монтаждау кезеңіне өткен. Жеті фильм де Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков қысқа нұсқа­дағы жаңа туындылардың түсірілуін ең алдымен жаңа есім­дердің жарыққа шығуымен байланыстырды.

Бақыт Қайырбеков: «Қазақфильмнің» негізгі мақсаттарының бірі – жас кинематографистерге қолдау көрсету. Осы орайда, біз жыл сайын алты-жеті жас талапкерге тырнақалды фильмдерін түсіруге мүмкіндік береміз. Бұл мүмкіндік тек режиссерлерге ғана емес, сондай-ақ, басқа да жас кино мамандарына беріледі. Қазақ киносының келешегі осы жастардың қолында, сондықтан да оларға кино өнеріне жол ашу қажет», – деді.

ДереккөзEgemen.kz