«Қазақфильмде» үш фильмнің түсірілімі басталды

Қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» атты кітабының желісі бойынша түсірілетін «Кірпіштер» фильмінің түсіру жұмыстары басталды. Фильмде өз өмірін өзгертуге ұмтылған жігіт туралы баяндалады. Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы  Фархат Шәріпов. Ол осыған дейін «Қызғылт қоян туралы хикая», «Ақ жол» фильмдерін түсірген.

Сонымен қатар дайындық кезеңінен өткен «Шала қазақ» және «Ең сұлу. 14 қыз» атты  толықметражды көркем фильмдердің авторлары  өтпелі көріністерді түсіруді  бастады.

«Ең сұлу. 14 қыз»  фильмі биыл жарыққа шығып, прокаттың көшбасшысы болған «Ол алты қыз» комедиясының  жалғасы. Комедияның авторлары  бұл фильм нағыз достықты насихаттайтын әзілге, қызықты оқиғаларға толы болады дейді.

Қанағат Мұстафин, режиссер: Қай заманда болсын, қазақ халқы әрқашанда шаңырақты жоғары бағалаған. Қазіргі аласапыран қиын заманда құндылықтардың орны мен реті өзгеріп, жастар отбасын құруға асықпайды. Еркін қарым-қатынастарға жол беріліп, мансапқорлыққа ұмтылған жалғызбастылар саны көбейіп жатыр.

«Шала қазақ» фильмінің сценарий авторы әрі режиссері Төлеген Байтүкенов. Фильм Жан атты жас журналист жайлы.

Аталған үш фильм  көрермендерге келер жылы жол тартпақ.

ДереккөзМассагет