30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Алматы облысының бірқатар аумақтарын тұман басып, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады, Жалаңашкөл ауданында жел 23-28  м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының жекелеген аймақтарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болуы ықтимал, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің күші 30 м/с-қа  жоғарылайды.

ДереккөзInform.kz