Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам қайтыс болды

Фото: Pixabay.com

Қайтыс болғандардың үшеуінде де ПТР талдауы оң нәтиже болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 11 қаңтарда дәрігерлер COVID-19 белгілері және ПТР-сынамасы (КВИ-) теріс пневмонияның 61 жағдайын тіркеді.

13 қаңтардағы жағдай бойынша 35 710 адам (33 936 КВИ+ және 1 774 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 3 888 науқас стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

206 науқастың жағдайы ауыр,
62 науқастың жағдайы өте ауыр,
38 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

aaf55bdaf29ea4a37671b3b5c15857d7 Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам қайтыс болды