Әлемде ауру деңгейі өсіп жатыр, оның ішінде соңғы айда ауру Еуропада 11% артқан. Тынық мұхит өңірінде және Африкада 10% құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропада соңғы екі аптада 18 елде ауру өскен. Оның ішінде Испанияда, Италияда — 97, Данияда – 89, Ұлыбританияда, Португалияда – 69, Францияда 39%-ға өсті. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 32% төмендеді, — деді Жандос Бүркітбаев.
Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиология ахуалы тұрақты.
Күн сайын орта есеппен оң ПТР-тестімен коронавирус инфекциясының 500 жуық және теріс ПТР-тестімен 50 жуық жағдайы тіркеледі, — деді Жандос Бүркітбаев.
