COVID-19: елімізде вакцина салдырған жасөспірімдер саны 230 мыңнан асты

26 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 8 947 986 адам, 2 — ші компонентін 8 459 231 адам салдырды.

Оның ішінде 288 049 адам Pfizer вакцинасының I-ші дозасын, 99 482 адам ІІ-ші дозасын салғызған.

Pfizer вакцинасын І-ші компонентімен егілгендердің 230 986-ы жасөспірімдер, 16 483-і жүкті әйелдер, 40 562-і бала емізетін әйелдер, — делінген хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 342 адамнан коронавирус анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да