Еуро айналымнан мүлде жоғалып кетуі мүмкін

Тед Маллок ВВС-ге берген сұхбатында алдағы бір жарым жылда еуро оңбай «құлап», айналымнан мүлде шығып қалуы мүмкін деген болжамымен бөлісті. Ол — Дональд Трамп Еуроодақтағы АҚШ елшісі етіп тағайындауы мүмкін профессор, экономист әрі Женевадағы БҰҰ-ның бұрынғы атқарушы хатшысы.

Тед Маллок сондай-ақ, үш айдың ішінде Ұлыбританияның АҚШ-пен қос тарап үшін де тиімді сауда шартын жасасуға мол мүмкіндігі бар деп отыр.

Маллоктың пікірінше, «таза» немесе «қатаң» «брексит» (Британияның ЕО-дан шығу талқысы) Ұлыбритания үшін ең ұтымды шешім болар еді. Британия ортақ нарық пен кедендік одақтан шыққаннан кейін «брюссельдік бюрократияны» пысқырмай, өзі қалаған сауда шартын жасай алады.

Айта кетейік, қазіргі уақыттағы ресми бағам 1 еуро — 352,35 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

ДереккөзBaq.kz