Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған адам іздестіріліп жатыр

Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады.

Бүгін Алматының «Жас Қанат» шағын ауданының тұрғындары осы видеоны Facebook желісінде жариялады. Аталған факті бойынша тексеру басталды. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жарияланатын болады, — деп жазды Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Айта кетейік, ондай әрекет ұсақ бұзақылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да