«Омикрон» штамы: Геннадий Головкин мен Риота Мурата жекпе-жегі кейінге қалды

ESPN мәліметтері бойынша, Жапонияда COVID-19-ға байланыс енгізілген жаңа шектеулерге сәйкес шетелдіктерге кіруге тыйым салынады. Бұл шаралар «омикрон» штамының таралуына қарсы күресу үшін қабылданған.

Ресми тұлғалар Жапония үкіметінен Геннадий Головкинге қатысты басымдық алуға үміттенген, бірақ келісімге қол жеткізбеді. 29 желтоқсанда Токиода өтеді деп жоспарланған жекпе-жек келесі жылға ауыстырылады деп жоспарланған.

Еске салайық, Геннадий Головкин өткен жылдың желтоқсанынан бастап рингке шықпаған болатын, сол кезде АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.

35 жастағы Риота Мурата одан да ұзақ рингке шықпады, 2019 жылдың желтоқсанында ол Стивен Батлерге (28-3-1, 24 KO) қарсы жекпе-жекте өз титулын қорғап қалған болатын.

ДереккөзTengrinews.kz