Басты бет / Жаңалықтар /
f1b52bb710cafbe1adac05d96180a120 БҚО-да мас полицейдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты
Иллюстрациялық сурет: smi44.ru

БҚО-да мас полицейдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты

Қайғылы жағдай туралы полиция департаментінде өткен брифингте хабарланды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсан күні сағат 19.15-те Орал-Тасқала жолының 46-шақырымында болды.

Полиция қызметкері жүргізген Hyundai Accent автокөлігі Lada Largus автокөлігімен соқтығысты. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, түрлі жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.

Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл іс департамент басшылығының бақылауына алынды, ол бойынша объективті және жан-жақты тергеу жүргізіліп, кінәлі адам жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізілуде. Бұл қызметкер міндетті түрде теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылады. Оған қоса осы салаға жетекшілік ететін басшыларға қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданылатын болады,- деп хабарлады ведомстводан.

  • Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицей қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook