Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

WhatsApp желісіндегі 3 жаңалық

Фото: Whatsapp.com

Енді қалта телефоныңыз ғаламторға қосылып тұрмаса да, хабарлама жаза беруге болады. Ол сол күйі сақталып қалып, ғаламтор пайда болған кезде алушыға автоматты түрде кете береді. Хабарламаның кеткенін «құс қанаты» түріндегі белгішенің пайда болуынан байқауға болады. Егер ол әлі кетпеген болса, сағат түріндегі иконка шығып тұрады.

Мұнымен қоса, жіберілетін фото және бейнефайлдарға қатысты жаңа функция да шықты. Бұдан былай бір сәтте 30 сурет және сонша роликті жіберу мүмкін болып отыр.

WhatsApp желісіндегі үшінші бір жаңалық кіріктірілген файл сақтағышты интерфейстен «Баптаулар — (Настройки)» арқылы тауып, таяуда жаңартылған «Данные и Хранилище» бөлімінен сіз чатқа жіберген файлдар туралы толық ақпаратты білетін боласыз.

Жаңартылған нұсқаны iOS пен Android жүйелеріне арналған қосымшалар каталогтарынан жүктеп алуға болады.

Мақалаға реакция

6 Пікір

  1. А
    Айгул 9 жыл бұрын
    Өте жақсы және пайдалы ақпарат екен
  2. Х
    Хадиша 9 жыл бұрын
    Тиімді
  3. Қ
    Қайыржан 9 жыл бұрын
    жақсы жаңалық.
  4. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Керемет?????
  5. Р
    Раяна 9 жыл бұрын
    Керемет???
  6. Б
    Бақытбек 9 жыл бұрын
    баршамызға тиімді қалып шығарған.. рахмет коптен-коп