iPhone 7 Plus орнына 24 қой сатып алуға болады

IPhone 7 Plus (256 GB) смартфонының бағасы — 484 900 теңге. Орнына:

Тамақ себет

3 жыл 4 айға жететін азық-түлік

Қазақстандықтар минималды түрде айына 12 мың теңгеге азық-түлік сатып алады деп есептесек, iPhone 7 Plus смартфонының 256 GB сыйымдылықты түрін сатып алғанша, отбасыңызға 3 жыл 4 айға жететін азық-түлік алуға болады.

Азық түлік

Күнкөріс минимумымен 1 жыл 7 ай өмір сүру

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормаларына негізделіп есептелген күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері жан басына шаққанда 24 мың 710 теңгені құрайды.

Зейнетақы теңге

Қазақстандықтың 3 айлық жалақысы

2016 жылдың 2 тоқсанындағы нәтиже бойынша орташа айлық жалақы 144 мың 300 теңгені құрады. Демек, iPhone 7 Plus смарфтонын алу үшін 3 ай жұмыс істеу керек.

зейнетақы әлеуметтік жәрдемақы

8 зейнеткердің айлық бюджеті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, еліміздегі зейнетақының орта мөлшері базалық зейнетақыны қоса есептегенде 55 мың 49 теңгені құрайды.

Пәтер сатып алу

Алматыда пәтерді 3 айға жалға алу

Алматыдағы орта деңгейлі пәтердің бір айлық жалдау құны — 150 мың теңге. Демек, үш айға пәтер жалдап, қалған 34 мың 900 теңгеге үш айға жететін азық-түлік алып қоюға болады.

Мектеп микроскоп

Бір сыныпты микроскоппен жабдықтау

Орташа сапалы бір микроскоп 15 мың теңге тұрады деп есептесек, iPhone 7 Plus смартфонының орнына 32 оқушының микроскоппен тәжірибе жасауына мүмкіндік беруге болады.

Ет комбинаты, бордақылау, қой өсіру

24 қой сатып алу

Елімізде бір қойдың құны орта есеппен 20 мың теңге тұрады. 480 мың теңгеге 24 қой сатып алып, кішігірім шаруашылық ашуға болады.

ДереккөзBAQ.kz