Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген 20 мың теңгелік банкнот шығады

Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды.

Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкнотта сұр түс басым, көлемі 155х79мм.

Бет жағында негізгі бейнелер – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев портретінің голографиялық бейнесі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны ретінде «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, қазақтардың дәстүрлі тұрғын үйі «Киіз үйді» безендіру желісі бойынша «Басқұр» – таспасындағы қазақтың ұлттық өрнегінің фрагменті, — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ал банкноттың сыртқы бетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан мен Ақорданың панорамалық көрінісі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекеуге арналған логотип бейнеленген.

20 000 теңгелік мерейтойлық банкнот Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша нақты құны бойынша қабылдана береді. Сондай-ақ банктерде банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар 10 000 теңгелік алғашқы мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылған еді. Ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған болатын.

Қазіргі кезде Қазақстанда 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттар айналыста жүр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram