Универсиаданың Алау эстафетасы басталды

Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміздің Туын табыс етті. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрайды. Алауды барлығы 60 алаугер алып жүреді, олардың арасында танымал спортшылар мен Астананың қоғам  қайраткерлері бар. Алаугерлердің бірі Данияр Елеусінов, ол Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Сондай-ақ, боксшы Василий Левит те Эстафета алауын Астана көшелерімен алып жүреді. Ол — Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Алаугерлер қатарында сонымен қатарында Әлібек Наурызбайұлы да бар. Ол гір спортынан спорт шебері, 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс медаль иегері. Мөлдір Мекенбаева — 2016 жылы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы, «Arlan Grip Selection» халықаралық турнирінің жеңімпазы, бразилиялық джиу-джитсу бойынша ҚР чемпионы.

Спортшылардан бөлек, 28-ші қысқы Универсиада алауын қоғам қайраткерлері, белсенді оқу озаттары және танымал қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова алып жүрмек. Сәдуақасова 18 жасқа дейінгі шахматтан әлем жеңімпазы, және ҚР бірнеше дүркін және абсолютті чемпионы. Универсиаданың Алматыда өтетін ашылу салтанатына елорда  атынан қазақстандық хоккейші, астаналық «Барыс» клубының қорғаушысы Мадияр Ыбырайбеков қатысады.

ДереккөзInform.kz