Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады

Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиғаның видеосын жариялады. Кадрда ағаш жеңіл көлікке құлағаны көрінеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 13.19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Қалдаяқов көшесіндегі №28 үйдің маңында ағаш Kia Rio маркалы автокөлігіне құлаған.

Оқиға орнына дереу 109 құтқару қызметінің, «Алматы тазалық» және Медеу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жіберілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып қалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламда.

Бұған дейін Алматыда 26 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауа бастағаны хабарланды. Таңертең қаланың тау бөктерінде 6 сантиметрге дейін, ал таулы жерлерде 10 сантиметрге дейін қар жауды.

Қала билігінің мәліметінше, қыс мезгілінде жолдарды тазалауға 1 000-нан аса арнайы техника жұмылдырылуы мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да