Мемлекет басшысының Алматыны «бақ қала» ретінде қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында мегаполисті ауқымды көгалдандыру бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында шіріген ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және орнынан алып тастау жұмыстары басталды.
«Алматы – бақ қала» акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады.
«Алматы жылу желілері» ЖШС кіші Саин көшесінде алуа аумағы арқылы (Ұлықбек даңғылы мен Шаляпин көшесі арасында) өтетін жылумен жабдықтау желілерін алдағы уақытта қайта құратынын хабарлайды.
Алматыда 20 қыркүйектен бастап күзгі көшет егу науқаны басталады. Алматы әкімдігінің мәліметінше, әкімдікте маусымдық көгалдандыру жұмысына дайындық мәселесі жөніндегі кеңес өтті.