Ақмола облысындағы жарылыс: жансақтау бөлімінде жатқан тағы бір бала қайтыс болды

Қайтыс болған қыздың терісінің 60%-і ғана қалған.

Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар саны бес адамға жетті.

Жарылыс 16 қараша кешке Шортанды кентінде болған. Газ баллоны үш пәтерлі үйде жарылды, бір пәтер қирады. Оның ішінде екі отбасы болған – үй иесі мен қонақтар. Олар балаларымен бірге келген. Екі әйел мен бір бала қайтыс болды, тағы он адам ауруханаға жатқызылды, бір қыз бірден ауруханадан шығарылды.

2009 жылы туған ер бала мен 2012 жылы туған қыз өте ауыр жағдайда жатты. 21 қарашада дәрігерлер ер баланың қайтыс болғанын хабарлады. 23 қарашада қыз бала көз жұмды. Қазір ауруханаларда жеті адам бар.